Биыл мектептегі тәрбие бағдарламасына қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктерінің оқу дәрістері енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. 

Сонымен қатар, ол, биылғы оқу жылында мектептердегі тәрбие жұмыстарын күшейтуге көп көңіл бөлінетінін айтты. 

"Бұл жұмысты атқаруда "Ата – ана – мектеп – бала" қағидаты, яғни ата-аналардың қолдауы аса маңызды. Сондықтан биылғы оқу жылынан бастап, барлық білім беру ұйымдарында ата-аналар академиясы, яғни, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмыс істейді, – деді министр. 


Оқи отырыңыз: Дүйсенова: Жаңа оқу жылы 25 мамырда аяқталады


Одан бөлек, мектептердегі тәрбие бағдарламасының аясында күштік құрылым қызметкерлері өз тәжірибесін бөліседі.  

"Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыру мақсатында – жаңа оқу жылынан бастап, 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырыла бастайды. Осының негізінде, биыл алғаш рет мектептегі тәрбие бағдарламасына қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктерінің оқу дәрістері енгізіледі", – деді Ғани Бейсембаев. 

Айта кетейік, Астанада "Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" тақырыбында жыл сайынғы тамыз кеңесі өтіп жатыр. 


Оқи отырыңыз: Оқу министрі: Енді оқушылар шетелдік олимпиадаларға білім басқармасының бұйрығымен ғана жіберіледі