Енді Қазақстан азаматтығын алу үшін қазақ тілін оқығаны және білетіндігі туралы сертификат сұралады
Заң 12 тамыздан бастап күшіне енеді.Енді Қазақстан азаматтығын алу және қалпына келтіру үшін мемлекеттік тілді оқығаны және білетіндігі жайлы сертификат болуға тиіс, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңға осындай өзгеріс енгізілді.
Мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде сонымен қатар, еліміздің тарихы мен Конституциясының негіздерін білмеген жағдайда азаматтық берілмейді.
Халықтың деңгейін Ғылым және жоғары білім министрлігі анықтайды. Бұндай түзетулер көшіп келгендердің қоғамға тез бейімделуі үшін жасалып отыр.
Аталмыш заң 12 тамыздан бастап күшіне енеді.