Қазақстанда 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Тиісті құжатты қаржы министрлігі дайындады.

Бюджетке түзетулер енгізілген жағдайда базалық көрсеткіштер мынадай болады:

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 48 032 теңге;
  • жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ, айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 180 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 37 389 теңге.

Өзгерістер 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап артқы датамен күшіне енеді.


 Оқи отырыңыз: Өскемен тұрғыны 10 жыл бойы екі елден зейнетақы алып келген