Елордада коронавирустан қайтыс болғандардың мәйітін ауыстырып жіберген
Мәйіттің бірі Нұр-Сұлтаннан Таразға жеткізілген.Елордадағы көпсалалы медициалық орталықтың мәйітхана қызметкерлері мәйіттерді жерлеуге беру кезінде ауыстырып алған. Мұны қайтыс болғандардың бірінің туысы байқаған, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
"Таңертең сегіз жарымнан келгенбіз, келгеннен кейін бұлар ашпау қажет екенін айтты. Мәйітті газельге салғаннан соң балалар: "Жоқ, біз ашып көреміз, әкеміз бе, жоқ па?" деді. Ашсақ басқа адам болып шықты", – дейді марқұм Әбу Дүңгенбайдың туысы Кәкен Жантайұлы.
Нұр-Сұлтандағы Көпсалалалы медициналық орталық директорының орынбасары Бақтыбай Оразбеков марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрағаннан кейін олардың жағдайды түсінгенін айтады.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: