Еліміздің 11 судьясы қызметінен босатылды
Президент жарлыққа қол қойды.Президент жарлығымен еліміздің бірнеше қаласы мен облысындағы соттың 11 судьясы қызметінен босатылды.
Қызметінен кеткендер мына судьялар:
- Отставкаға кетуіне байланысты Шымкент қаласы сотының судьясы Жамашов Низамиддин Қазыбайұлы;
- Отставкаға кетуіне байланысты Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Қанат Болатұлы Махметов;
- Отставкаға кетуіне байланысты Жамбыл облыстық сотының судьясы Төлесбай Самат Нүкеұлы.
- Отставкаға кетуіне байланысты Астана қаласы Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Пернекұлова Жанира Айдарбекқызы.
- Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ақмола облысы Аршалы аудандық сотының төрағасы Шалабаев Олжас Серікұлы;
- Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Арлан Ермекбайұлы Қосжанов.
- Отставкаға кетуіне байланысты Жетісу облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Башенова Гүлсұлу Мырзағалиқызы.
- Отставкаға кетуіне байланысты Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы сотының судьясы Айтжанов Қайыржан Мейірханұлы отставкаға кетуіне байланысты;
- Отставкаға кетуіне байланысты Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының судьясы Оралбекова Қорлан Қуанышбекқызы.
- Отставкаға кетуіне байланысты Павлодар қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы Нуркиев Асхат Габдрауфович.
Оқи отырыңыз: Жоғарғы Соттың судьялары сайланды
Президент жарлығы 17 шілдеден бастап күшіне енді.