Түркістан облысының полициясы "Қорғау – қауіпті жүргізуші" бағдарламасының көмегімен 153 миллион теңге айыппұлын төлемей жүрген адамды анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Түркістан полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлеріне С.Қожанов көшесінің бойындағы 153 миллион теңге берешегі бар Ravon Nexia R3 автокөлігіне қатысты дабыл түскен. Жүргізуші 153 миллион теңгенің 700 мыңын жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл ретінде арқалаған.

"Оның басым бөлігінде ақылы жол, жылдамдық арттыру, рұқсат етілмеген орынға көлік қою т.б құқық бұзушылықтар. Қалғаны банк пен алимент бойынша берешек екені расталды. Полицейлер автокөлік жүргізушісімен айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көлік айыптұраққа қойылды", – делінген хабарламада.