Елге әкелінген көліктерді заңдастыру үшін бір жолғы 250 мың теңгелік жарна енгізіледі
Бұл жарна билығы 1 қыркүйекке дейін елге заңсыз әкелінген көліктерге қатысты қолданылады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында елге заңсыз жеткізілген көліктерді заңдастыру үшін бірыңғай жарна енгізуді ұсынды.
"Бұдан былай көліктерді елге әкелудің барлық заңсыз жолын жабу үшін қатаң іс-шаралар қабылдау қажет. Онымен қоса биыл 1 қыркүйекке дейін әкелінген осындай автокөліктер бойынша жағдайды реттеу керек", — деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
Президент мұндай көліктерді заңдастыру үшін утиль мен алғашқы тіркеу үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын сомада біржолғы бірыңғай жарна енгізуді ұсынды.
"Бұл іс-шара іздеуге жатпайтын және кедендік "тазартудан" өткен автокөліктерге қатысты болуға тиіс", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.