Елде жұмыртқа бағасы арзандады. Бірақ өткен жылмен салыстырғанда бәрібір 30% қымбат
Алдын ала болжам бойынша, күзде жұмыртқа бағасы қайта қымбаттайды. Алайда бұған қарамастан өндіріс көлемі қысқармақ.2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында елде 1,8 млрд тауық жұмыртқасы өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,4% аз. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кәсіпкерліктері – 1,4 млрд, жеке кәсіпкер, шаруа және фермерлер жалпы 10,4 млн жұмыртқа алды.
Жұмыртқа өндірісінен үш өңір көш бастады:
- Ақмола облысы – 310,8 млн дана;
- Алматы және Қарағанды облыстары.
Биыл жұмыртқа өндірісі артта қалып келеді. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мемлекет фермерлері 5 млрд жұмыртқа алған еді. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,4% аз.
Елде "Алсад Қазақстан" ЖШС, "Сұңқар Алматы құс фабрикасы" ЖШС, "Қазгер-құс" ЖШС, "Майқұдық құс фабрикасы" ЖШС, "Карл Маркс атындағы құс фабрикасы" ЖШС және тағы басқа компаниялар жұмыртқа өндірумен айналысады. Аталған компаниялар биыл сұранысты толық қанағаттандыра алмады:
- 2020 жылы 97,6%;
- 2021 жылы 93,6% қанағаттандырды.
Бір жылда импорт көлемі 2,4 есе өсті. Шетелге 95,8 млн жұмыртқа жөнелтілді. Ал экспорт керісінше 3,3% азайды. 2020 жылы экспорт көлемі 0,1% төмендеген еді. Осылайша бір жылда жұмыртқа экспорты 45,6 есе төмендеп, 1,2 млн жұмыртқаға азайды.
Мұнымен қатар, ішкі нарықты қамту үлесі 8,5% – 1,5 млрд жұмыртқаға қысқарды.
2021 жылы жұмыртқаның бағасы 30,2% өсті. Бірақ өткен аймен салыстырғанда 2,8% арзан, он данасы – 403 теңге. Жұмыртқаның ең қымбат бағасы Алматы (он данасы үшін – 497 теңге) және Ақтөбе (он данасы үшін – 315 теңге) қалаларында тіркелді.
Жылдық есеп бойынша, Солтүстік Қазақстанда – 38,2%, Жамбылда – 37,8% және Батыс Қазақстан облысында – 36,9%.