Елде жеміс пен көкөніс шырыны 23% қымбаттады
Биыл Қазақстанда жеміс және көкөніс шырынын өндіру көлемі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 21,4% артық өндірілді.Қазақстанда 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында жеміс және көкөніс шырынын өндіру көлемі 36,3 млн литрді болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 21,4% артық. Бұл туралы energyprom.kz жазды.
Өнімнің жалпы көлемінің 34,4 млн литрі бірден жеміс шырындарының үлесіне тиді (бір жылда 22,9% көбейген), оның ішінде апельсин шырыны – 14,2 млн литр, алма шырыны – 7,3 млн литр, ананас шырыны – 985 мың литр.
Көкөніс шырындарының өндірісі 1,8 млн литрден сәл астам болды. Бұл 2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 5% аз.
Биыл маусым айының қорытындысы бойынша, жеміс және көкөніс шырыны 22,7% қымбаттады. Атап айтқанда, жеміс шырыны 22,6%, көкөніс шырыны 23,9% қымбаттады.
Табиғи шырын Ақмола облысында бірден 42,1% қымбаттады Одан кейінгі орында Батыс Қазақстан (37,2%), Қызылорда (36%) және Жетісу (35,7%) облысы тұр.
Жеміс және көкөніс шырыны ең аз қымбаттаған өңірлер – Павлодар (11,3%) және Қарағанды (11,6%) облыстары.
Оқи отырыңыз: Инфекция қаупі жоғары: Жеміс-жидектен уланбас үшін нені ескеру керек?