Елде салық есептілігі 30% қысқарады – Ұлттық экономика министрі
Салықтық әкімшілік жазалауды тоқтатады. "Бесіктен" шыққаннан бастап жабылғанға дейін фискалдық" сүйемелдеуді енгізуге баса назар аударылатын болады, деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.
"Бұл ретте салық есептілігі 30% қысқаратын болады. Біз камералық бақылау тәсілдерін түбегейлі өзгертуді ұсынамыз. Егер қазір бұл бақылау тәсілі болса, онда болашақта бұл процедура бұзушылықтарды жою саласынан сәйкессіздіктер анықтау саласына ауысып, ескерту сипатына ие болады. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері де өзгереді", – деп сендірді министр.
Мұнымен қатар, Серік Жұманғарин қазір салықтардың аз мөлшеріне байланысты бизнестің барлық қызметіне тосқауыл қойылмайтынын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Жұманғарин: Сомасы 1,3 трлн теңгеден асатын 128 салық жеңілдігін алып тастау ұсынылды
"Енді орта және шағын бизнеске арналған арнаулы салық режимі туралы. Енді ол оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі деп аталады. Кіріс лимиті – қазіргідей 600 мың айлық есептік көрсеткіш болып сақталады. Қызметкерлер саны бойынша шектеулер алынып тасталады. Мөлшерлеме – 4% және оны мәслихаттар 50 пайызға дейін төмендетуі мүмкін. Үкімет режимді тек белгілі бір қызмет түрлеріне қолдануды ұсынды және басты шарт – тек B2C операциялары", – деді Серік Жұманғарин.