Елде алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады
Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі"Қазгидромет" РМК синоптиктері 25, 26 және 27 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
Антициклон жотасы циклонды еліміздің солтүстік-батысына қарай біртіндеп ығыстырады және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі, ал солтүстік-батыста, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде солтүстігінде нөсер күтіледі.
"Ауа температурасы күндіз батыста +23+33°С дейін, солтүстік-батыста +15+28°С дейін, солтүстікте +18+28°С дейін, орталықта +25+35°С дейін төмендейді, шығыста +25+37℃ дейін, оңтүстікте +35+45℃ дейін, оңтүстік-шығыста +35+43℃ дейін жоғарылауы болжанады", – делінген хабарламада.