Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығын Президентке өзі берді – Айдос Үкібай
Баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық уақытта елордада болғанын және Мемлекет басшысына қолдау көрсеткенін айтты."БАҚ-та Тұңғыш президентке қатысты жалған ақпараттар мен арандатушы жазбалар өте көп тарап жатыр. Қазіргі жағдайда мұндай әрекетті саяси жағдайды тұрақсыздандыру және мемлекеттің конституциялық негіздерін бұзу әрекеті ретінде бағалаймыз",– деді Елбасының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
Баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық уақытта елордада болғанын және Мемлекет басшысына қолдау көрсеткенін тағы бір мәрте еске салды.
"Алайда, жағдай айтарлықтай қиындады, сондықтан Елбасы өзі Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығын президентке беруді шешті. Өйткені, ол ел билігінің тәртіпсіздік пен лаңкестікке жедел, қатал әрі ымырасыз жауап беру керек екенін жақсы түсінді. Елбасы мен Мемлекет басшысы халықты, елді жәе ұлт болашағын қорғау ісінде әрқашан бір шепте болды. Қазіргі қиын күндерде де олар мемлекеттік биліктің біртұтас екенін тағы бір рет көрсетті",- деді Айдос Үкібай.