Экзитпол қорытындысы: Парламентке бес партия енеді
Сауалнама нәтижесінде "Байтақ" пен ЖСДП партияларының 5 пайыздық межеге жете алмағаны белгілі болды.Мәжіліс сайлауында сауалнама жүргізген "Социс-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты экзитпол нәтижелерін жария етті.
Респонденттерден сайлауда қандай партияға дауыс бергені сұралды. Сауалнама нәтижесінде "Байтақ" пен ЖСДП партияларының үміткерлері Мәжіліске өтпейтіні белгілі болды.
- Amanat – 54,42%;
- Ауыл – 10,21%;
- Respublica – 8,79%;
- Ақ жол – 8,21%;
- ҚХП – 6,89%;
- ЖСДП – 4,91%;
- Байтақ – 2,17%;
- Бәріне қарсы – 4,40%.
Институт зерттеуінше, сайлаушылардың 55,58 пайызы дауыс берді.
Сайлаушыларға ұлттық сауалнама жүргізуге тапсырыс беруші – жетекші республикалық бұқаралық ақпарат құралдары 31 арна, КТК телеарнасы, Informburo.kz және Zakon.kz порталдарының консорциумы.