Екпе паспорты мен ПТР анықтамасын заңсыз жасағандарға қатысты 27 қылмыстық іс қозғалды
Жалған екпе паспортын қолданғандар шамамен 467 мың теңге айыппұл төлейді.Елде эпидемиологиялық жағдайдың ушыққанына қарамастан, вакцинация паспорты мен ПТР анықтаманы қолдан жасайтындар тыйылмай тұр. Жыл басынан бері осындай жалған құжат жасатқандарға қатысты 27 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлады еп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, коронавирус жұқтырмағанын растайтын жалған құжат дайындаған 23, ал вакцинация паспортын заңсыз жасау дерегі бойынша 4 қылмыстық іс тіркеліпті.
Алматыда екі дерек анықталса, қалған екеуі Алматы және Ақмола облыстарында. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауапты министрлікке мұндай көзбояушылыққа барып, заңды белшесінен басқандарды қатаң жазалауды тапсырды.
Айта кетсек, жалған құжат әзірлегендерге 6 миллион теңгеге жуық айыппұл салынады. Жалған екпе паспортын қолданғандар шамамен 467 мың теңге айыппұл төлейді.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: