Экономист Мақсат Халық теңгені тұрақтандыру жолын түсіндірді. Айтуынша, бірінші кезекте өнеркәсіп саласын жолға қою керек.

"Меніңше, президенттің теңгені тұрақтандыру дегені – теңге осы қалыпта қалады деген сөз. Ол осы деңгейден төмендей де қоймайды. Бірақ халықта теңге ұзақ мерзім бойы құбылмайды деген сенім болуы тиіс", – деп түсіндірді Мақсат Халық.


Оқи отырыңыз: Экономист ең төменгі жалақыны есептеу тәртібі ескіргенін айтты


Әрі қарай ол теңгені тұрақтандыру жолын түсіндірді.

"Импорт тауарларды алмастыратын тауар өндірісін жолға қойған кезде барып теңге тұрақталады. Сол себепті бір ғана ұлттық банк теңге позициясын мөлшерлеме арқылы бір қалыпта ұстап тұра алмайды. Егер теңгеміздің ұзақ уақыт бойы осы күйде қалғанын қаласақ, өнеркәсіпті дұрыс жолға қойып, өзімізде тауар өндірісі процесін бастаған жөн. Меніңше, президенттің тұрақтылықты қамтамасыз ету керек деген тапсырмасы үкіметтің алға қойған бағдарламаларды өнеркәсіп өндірісін әртараптандыру бойынша іс жүзінде жүзеге асыратын уақыт келді деген нақты тапсырмасымен ұштасады", – деп қосты экономист.

Еске салсақ, бір көзден сатып алу көлемінің екі есе қысқаратыны туралы хабарлаған едік.