Экономист бизнесті субсидиялаудан не үшін бас тарту керегін түсіндірді
Ол жыл сайын субсидияларды 1 пайызға азайтып, 5-7 жылдан кейін тоқтатуды ұсынды.Экономист Ғалым Құсайынов 2025 жылға дейінгі бюджет тапшылығын шешу үшін бизнесті субсидиялау қажеттігін алға тартты.
"Бизнес мемлекеттің субсидиясына тәуелді, субсидиясыз екі қадам алға жылжи алмайды. Экономика субсидиядан құтылған кезде ғана бизнестің де, нарықтың да тынысы ашылады. Субсидияға тәуелділік пен орта табыс тұзағына деген тәуелділіктің аражігі бірігіп кетті. Мен бизнесті субсидиялауға қарсы екенімді осыған дейін талай рет айтқанмын. Үкімет кей жерлерде бұрмалау барын, ал кей жерлерде саланың дамымағанын көріп отыр. Егер нақты өсімге қолжеткізгіміз келсе, жеңілдетілген бағдарламалардан бас тартуды кезең-кезеңімен жүзеге асыруымыз қажет. Сол кезде ғана субсидиялау елдің ішкі жалпы өнімін өсіруге жол ашады", – деді экономист.
Оның түсіндіруінше, субсидияларды бөлудің ашық тетігі үшін бұл үдерісті түсінікті және ашық ететін қағидаттар болуы керек: Жекелеген салаларды бір-бірінен алалауға, бөлуге болмайды. Егер шартты түрде алып қарасақ, субсидия 7% болса, онда компания үшін мөлшерлеме банктің тәуекелі мен маржасына байланысты өзгереді. Кейбір банктер 14%, кейбіреулері 12%, 16%-ды ұсынады. Содан кейін түпкілікті мөлшерлеме 5-тен 9%-ға дейін өзгереді.
"Жыл сайын субсидияларды 1%-ға азайтып, 5-7 жылдан кейін субсидиялардан толық бас тарту керек. Қазіргі модель экономиканы жылына 6% өсіруге мүмкіндік бермейді. Егер субсидиялық саясатты қайта құрмасақ, компаниялар субсидия күтіп, жаңа жобаларды бастамайды, ал субсидия алған компаниялар нарықты монополиялап, тұтастай алғанда салалардың дамуына кедергі келтіреді. Бәсекелестік және бәріне ортақ заң ғана өсімге мүмкіндік береді. Ал бізде керісінше болып келді. ШОБ сегментінде біреулер мемлекеттің демеу қаржысын көбірек, енді бірі азырақ алады. Бизнес субъектілеріне берілетін көмектің қандай шартпен берілетіні – жеке тақырып. Шын мәнінде, бұл қаржы бизнесті қаржыландыруға емес, инфрақұрылымды дамытуға бағытталса, әңгіме басқаша болар еді. Барлығы қандай реформалар қажет екенін шамамен түсінеді, бірақ өкінішке қарай, бұл реформаларды іске қосудың тетігі әлі жоқ", – деді Ғалым Құсайынов.