Экологтар Маңғыстау облысындағы Қаракөл көліне резерват мәртебесін беруді ұсынып отыр
Маңғыстау облысындағы Қаракөл көліне «резерват» немесе «табиғи саябақ» мәртебесін беру керек.Аққулардың жаппай қырылуынан кейін экологтар осындай ұсыныс жасады. Қазірдің өзінде қырылған құстардың саны мыңнан асып жығылды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Мамандар қанаттылардың өліміне нақты құс тұмауы себеп деп отыр. Қарақия ауданында адамдардың жағажайға кіруіне уақытша шектеу енгізілді. Аққулардың өлексесі Қаракөлден бөлек өзге аудандардағы теңіз жағалауынан да табылып жатыр. Тәуелсіз сарапшылар Қаракөлге зоологиялық қаумалдан да жоғары мәртебе берілсе – көлге қалдық төгу сап тиылып, ерекше қорғалатын аумақ күні-түні күзетілетінін айтады.
"Соңғы жылдары туризм қарқынды дамып бастағалы Қаракөл көлінің айналасындағы қонақ үйлер және демалыс базалары жылдан жылға өсіп келе жатыр және қарапайым азаматтардың өзі де ол жерге жиі баратын болып жүр. Аққу, қоқиқаз сияқты үлкен, әдемі құстар келетін болғандықтан, біз сарапшы ретінде зерттеп көрдік. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар заңнамасына сәйкес ол жерде резерват немесе табиғи парк статусы берген тиімді болар еді. Қазіргі таңда Қаракөл көліне халықаралық мән беріп, Рамсар тізіміне енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді эколог Әділбек Қозыбаев.