2025 жылғы 11 сәуір сағат 08:30-де су тасқыны кезінде пайда болған ақауларды жөндеу үшін екі республикалық автожолда жүк көлігінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады Қазавтожол.

Атап айтқанда:

Солтүстік Қазақстан облысындағы "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы" автожолының 729-768 шақырым аралығындағы учаскесі (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін);

Қостанай облысындағы "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы" автожолының 686-729 шақырым аралығындағы учаскесі (Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін) жабық.

Жолды 2025 жылғы 12 сәуір сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып, алуға болады.