Этникалық қазақтар eGov.kz порталында қандас мәртебесін алуға немесе оны ұзартуға өтінім бере алады6 деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

Енді eGov.kz порталында пайдаланушы өзіне, сондай-ақ отбасының барлық мүшелеріне аталған қызметке онлайн тапсырыс бере алады. Қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Пайдаланушыларға қойылатын міндетті талаптар:

  • ЖСН;
  • ЭЦҚ болуы.

Қызметті қолдану үшін пайдаланушы "Электрондық үкімет" порталында қажетті қызмет түрін таңдайды: қандас мәртебесін беру немесе ұзарту. Таңдалған қызмет түріне сәйкес пайдаланушы мәртебесін алу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық жүйесі арқылы тексеру жүзеге асырылады.

Барлық міндетті жолдарды толтырып, сұратылған құжаттарды қоса тіркеу қажет (pdf не jpg форматында).


Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері 1,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды


Сондай-ақ, өтінім берген кезде пайдаланушы қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қажет отбасы мүшелері бойынша мәліметтерді толтыра алады. Отбасы мүшелерінің санына шектеу жоқ. Бұдан әрі қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қою қажет.

Қызмет көрсету нәтижесі – қандас куәлігі, жергілікті атқарушы органның қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімі не электрондық құжат нысанында пайдаланушының "жеке кабинетіне" жіберілген мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 4 жұмыс күні.

Сондай-ақ, қызмет көрсету қорытындысы бойынша қандас куәлігі eGov.kz порталының "Цифрлық құжаттар" бөлімінде және Egov Mobile қосымшасында пайда болады.