Жазушы драматург Дулат Исабеков "Айқын" басылымына берген сұхбатында жазушылық бүгінде елеусіз қалғанын айтты. Оның сөзінше, қазіргі қоғамда ақыл-кеңес, мо­ральдық тәлім-тәрбие алайық деген ой жоқ.

"Жазушылық елеу­сіз қалды. Қаламақы тек қаржылық жа­ғынан емес, адамның талантын сыйлау, елеу, құрметтеу. Бұл жоқ болғаннан кейін жұртта қалған баладай жазушылар далада қалды. Кімге керек екенін де білмей қал­ды. Ақырында өзіне ғана керек екенін сезді. Басқаға керегі жоқ. Қазір адамдар "Кеңес Үкіметінің идеологиясын наси­хаттағаны үшін жазушыларға қаламақы төлеген" деп жүр. Бірақ, сол кезде туған классикалық шығармаларды біз комму­низмнің туындылары деп айта алмаймыз. Өйткені қаламгерлеріміз небір ғажап шығармаларды дүниеге әкелді. 72 жыл өмір сүрген сол қоғамнан 70-тей жазушы қалғаны аз ба? Жазушылар ескерусіз қалғандықтан, қоғамға жазушының қажеті болмай қалғандықтан осындай халге түсті", – деді Дулат Исабеков.


Оқи отырыңыз: 


Драматург қазіргі жас жазушыларға да қатысты ойын білдірді. Оның сөзінше, драматургияның тиімсіз кәсіп екеніне олардың көзі жеткен.

"Біздің ұранымыз: "Жаз, жақсы жаз, тегін жаз". Тегін жазатын біз сияқты "қожана­сырлар" әлі де бар болуы мүмкін. Ал жас­тар тегін жазбайды. Олар біз сияқты ро­мантик емес, прагматик. Олар "Не бере­сің? Бермесең, жазбаймын" деп ашық айта алады. Жастар телевидение мен радиоға, басылымдарға барады. Ал драматургияның тиімсіз кәсіп екеніне көзі жетті. Оны­мен бала-шағасы түгілі, қарақан басын асырай алмайтынын біледі. Жастар "бір рет қойып көрейінші" деген жалынмен дра­матургияға келеді. Одан кейін не ақшасы жоқ, не абыройы жоқ – жазудан кетеді. Сондықтан да шығар, біздің жазушы­ларымыз қараусыз қалып жатыр", – деді драматург.