Дубаймен бірдей: Бурабайда демалу құны 15 пайызға көтерілді
Елімізде қымбатшылық отандық туризмді де айналып өтпеді.Бурабай курорттық аймағында демалу құны 15 пайызға көтерілген, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Бурабайға жыл сайын 1 миллионнан астам турист келеді.
Ал бағаны реттеуге жергілікті билік қауқарсыз. Бұл мәселені мәжіліс депутаттары да көтерген болатын. Халық қалаулылары Бурабайдағы бизнеске дереу тексеріс жүргізуді ұсынады.
Бүркітпен суретке түсу үшін 2 000 теңге, тумен фотоға түсуге 5 000 теңге төлейсіз. Ал қайықпен жүзіп келу үшін 6 000 теңге керек. Демалыс орындары мен тамақтардың құны тіптен шарықтаған. Алыс аймақтан арнайы келетін туристер бағаның өскені кәдімгідей сезіледі деп отыр.
"Суретке түсудің өзі қымбат, қарапайым халықтың қалтасы көтермейді. Мысалы жататын орын, ауылдық жерге барып тұрақтамаса, отельде тұрақтау халыққа қымбатқа түседі. 1 күнге қалу үшін 50-80 мың сұрайды. Менің ойымша, бағасын түсірсе туристер одан да көп келеді", – деді турист Іңкәр Қайыпбеков.