Денсаулық сақтау министрлігі 1 қазаннан бастап қай медицина қызметкерлері үстеме ақы алатынын жариялады
Қазір медицина мамандарына беріліп жатқан үстеме ақы мен қосымша төлем 1 қазаннан бастап тоқтайды.Денсаулық сақтау министрлігі 1 қазаннан бастап Covid-19-бен күресуге көмектескен медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеуді тоқтату туралы бұйрықтың жобасын жариялады.
Ерекше психоэмоционалдық және денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін жағдайда жұмыс істеген келесі медицина қызметкерлеріне 1 қазаннан бастап үстеме ақы мен қосымша төлем төлеу тоқтатылады:
- реаниматолог-анестезиолог дәрігерлер;
- инфекционистер;
- реаниматология және анестезиология бөлімінің анестезиологтары;
- эпидемиологтар;
- БМСК психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері;
- ядролық медицина орталықтарының мамандары;
- паталогоанатом дәрігерлер.
1 тамыздан қазір төленіп жатқан үстеме ақының көлемін 50% қысқарту жоспарланып отыр. Қысқарған жағдайда төлемдер келесідегідей болады:
- бірінші қауіпті топ – 10 ЕАЖМ;
- екінші қауіпті топ – 5 ЕАЖМ;
- үшінші қауіпті топ – 2,5 ЕАЖМ.
1 қазаннан бастап бұл үстеме ақы түрі мүлдем төленбейді.
Бұйрық жобасын ашық талқылау 4 тамызға дейін жалғасады.