Демограф Бәтжан Ақмолдина Айқын басылымына берген сұхбатында Қазақстанда алдағы уақытта бала туу көрсеткіші төмендейтініне болжам жасады. Оның бірнеше себебі бар.

"Алдағы уақытта белсенді туу жасындағы ана­­лар мен әкелердің саны азая бас­тай­ды. Мысалы, 1998, 1999 жылдардағы қиын эко­номикалық дағдарыс кезеңінде ба­ланың ең аз туу саны белгіленген. Сол ең аз туған жылғы балалардың жасы қа­зір 23-25-те. Олардың саны оның ал­дың­ғы жылдармен салыстырғанда аздау. Сон­дықтан алдағы уақытта туу да азая­ды", – деді демограф.


Оқи отырыңыз: 25 жылда Қазақстан өңірлерінде халық саны қалай өзгерді? Инфографика


Оның айтуынша, бала туу көрсеткішінің төмендеуіне Қазақстандағы некені қию жа­сының ұлғаюы да себеп. Реп­ро­дук­тивті жастардың туу бел­сенділігі бұрын 21-22 жаста болса, қа­зір 24-25 жаспен өлшенеді.

"Үшінші – экономикалық жағдай. 1999 жыл­ғы бала туу санының аз болуына эко­номикалық дағдарыс әсерін тигізді. Сол се­кілді қазіргі экономикалық дағ­дарыс­қа байланысты бұрынғы жағдай еп­теп қай­талануы мүмкін. Қазір де ин­фля­ция жо­ғары, халықтың хал-ауқаты төмен­деп, нақ­ты табысы азайып жатыр. Осыған бай­ланысты отбасылардың екінші, үшінші не­месе кейінгі баланы сүю жоспары кейінге қалдырылуы мүм­кін. Айталық, қа­зір үй­ленгеннен кейін көбі көп ұзамай ба­лалы бо­лады. Екінші баланы да ара­сында 1,5 жыл, не болмаса 3 жыл салып жос­парлайды. Ал үшінші баланы туу ол от­басыларда да экономикалық және әр­түрлі әлеуметтік төлемге байланысты кейін­ге қалдырылады", – деді Бәтжан Ақмолдина.