Демалыста Қазақстанның басым бөлігінде күн бұлтты болып, боран соғады
Республика бойынша ауа температурасы біртіндеп көтеріледі."Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты болып, боран соғады.
"Екпінді жел және көктайғақ болады. Тек оңтүстік өңірлерді әлі де антициклон қорғайды. Негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында қарлы боран салдарынан кейбір жүргізушілер пойызға ауыстырылды
Атлант циклоны да бүкіл елде дерлік температураның біртіндеп көтерілуіне себеп болады.