Демалыс күндерге ауа райы болжамы: 15 градусқа дейін күн суытады
Аяз кезінде жауын-шашын біртіндеп тоқтайды."Қазгидромет" синоптиктері 4-6 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
"Қазақстан аумағы арқылы терең атлантикалық циклон жылжып, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығы мен шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Шығыста көктайғақ болып, жел күшейеді", – деп жазылған хабарламада.
4 қарашада күндіз батыстан циклонның артына антициклон жылжиды, демек жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы төмендейді.
Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде 3-15 градусқа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 2 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5-10 градусқа дейін төмендейді.
Оқи отырыңыз: Синоптиктер болжамы: Қазақстанның солтүстігінде күн күрт суытады
Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі.