"Дауыс" коалициясы референдум кезінде қандай заң бұзушылықтар болғанын айтты
Дегенмен, мониторинг жүргізу барысында өрескел заң бұзушылықтар анықталмаған."Дауыс" коалициясының байқаушылары 6 қазанда еліміздегі барлық ашық дауыс беру учаскелерінде дауыс беру барысын бақылауға қатысты. Барлығы тоғыз жарым мыңға жуық учаскіні қамтылды, деп хабарлады коалицияның баспасөз қызметі.
Коалиция төрағасы Төлеген Күнәділовтың айтуынша, бақылау желісі 181 ҮЕҰ мен кәсіподақтарды қамтыды.
"Біз дауыс беру учаскелері ашылған сәттен бастап дауыс беру хаттамаларына қол қойылғанға дейін күні бойына сол жерлерде бақылаушылардың болуын қамтамасыз еттік. Коалицияның аймақтық деңгейдегі барлық штабтарында ситуациялық орталықтар күні бойы жұмыс істеді. Олар нақты уақыт режимінде учаскелерден ақпарат алып отырды. Яғни, бізде дауыс беру үдерісінің толық және сенімді көрінісі бар. Учаскелерден келген байқаушыларымыздың есептерін талдау, жалпы алғанда, Орталық бақылау комиссиясы жариялаған деңгейде азаматтардың жоғары белсенділігі мен сайлауға қатысуын растайды", – деді ол.
Сондай-ақ, ол учаскелік комиссиялардың жұмысына мониторинг жүргізу барысында өрескел заң бұзушылықтар анықталмағанын хабарлады.
Оқи отырыңыз: ОРК референдумның алдын ала нәтижелерін жария етті
"Комиссиялардың жұмысына, сайлаушылардың жүріс-тұрысына, дауыс беру учаскелеріндегі бақылаушылардың іс-әрекеттеріне қатысты ескертулер болғаны туралы айта кеткен жөн. Бірақ жалпы алғанда, учаскелерде дауыс беру нәтижелеріне күмән тудыратын заң бұзушылықтар анықталған жоқ деп айта аламыз", – деген ол анықталған заң бұзушылықтардың ішінде бірқатар жайтты атап өтті:
- екі немесе одан да көп азаматтардың дауыс беру кабинасына кіруіне жол берілді. Бұл жағдайларда біздің бақылаушылар дереу әрекет етіп, заң бұзушылықтарды орнында түзетуді талап етті.
- учаскеде үгіт-насихат жүргізудің бірқатар фактілері анықталды, соның ішінде дауыс беру кабиналарына үгіт материалдарын заңсыз алып өтпек болған. Олар атом электр станцияларын салуды қолдайтын және оған қарсы материалдарды қамтыды. Мұндай фактілер жеті учаскеде тіркелді.
- жоқ туыстары мен отбасы мүшелеріне дауыс беруге әрекет жасалды. Бұл әсіресе ауылдық жерлерге қатысты. Біздің бақылаушылар бірден әрекет етіп, мұндай әрекеттерді тоқтатты.
- кейбір дауыс беру учаскелерінде байқаушылар референдум учаскелік комиссия мүшелерінің сайлаушының аты-жөнін тізілімге жазбас бұрын бюллетенге қол қойғанын анықтады. Бұл фактілерді де сол жерде реттедік.
"Сонымен қатар, бірқатар жағдайда дауыс беру тәртібін бұзу және байқаушылар мен сайлаушылар тарапынан комиссиялардың жұмысына араласу орын алған. Сонымен қатар, адамдар дауыс беру кабиналарындағы сайлаушыларды видеоға түсіріп, дауыс беруге қатысушылардың тізімдерін суретке түсіруге тырысты. Олар хаттаманы заңда белгіленген мерзімдерді бұза отырып шығаруды талап етті", – деді Төлеген Күнәділов.
Осы фактілердің барлығына қатысты біздің өкілдер белгіленген тәртіп бойынша әрекет етіп, референдум комиссияларының төрағаларының атына арыздар жолдады.
Жалпы, коалиция 9,5 мың учаскедегі бақылаушылардың барлық сауалнамасы егжей-тегжейлі өңделгеннен кейін дайындалатын жазбаша есебінде бақылаудың барлық нюанстары туралы толыққанды есепті көрсететін болады.