Дәрігерлерді қандай қолдау шаралары енгізіледі?
Денсаулық сақтау министрлігі заң жобасын әзірлеп жатыр.Қазақстанда "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері" атағын тағайындау ұсынылды. Атақ алған адамға 3 063 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақы тағайындалады. Ол жыл сайын медицина қызметкері күнінде үш адамға беріледі. Бұл туралы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында жазылған.
Сондай-ақ, 17 жеңімпазға республикалық конкурстың "Мамандығы бойынша үздік" мемлекеттік және ведомстволық наградалары ұсынылады. Оған 1 531 500 теңге (500 АЕК) мөлшерінде төлем тағайындалады.
"Ол бойынша "Ең үздік ауыл дәрігері", "Ең үздік акушер-гинеколок", "Ең үздік хирург" дегендей үздік мамандар анықталады", – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Оқи отырыңыз: Жыл сайын медицина қызметкерлеріне қатысты 300-ге жуық шағым түседі
Министрдің айтуынша, үздік дәрігерлерді марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.
Айта кетейік, елімізде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірленіп жатыр. Заң жобасы бойынша, медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамғаны үшін жауапкершілікті төмендету ұсынылып отыр.