Covid-19 белгілері байқалмайтын науқастар үшін карантин мерзімі қысқарды
7 тәулікке арналған ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин тестіні қосымша тапсырусыз 10-күні аяқталады.Коронавирус жұқтырған азаматтармен жақын байланыста болған және ауру белгілері байқалмайтын науқастар үшін карантин мерзімі қысқарды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
"Коронавирустың "Омикрон" нұсқасының таралу жылдамдығы мен өту ерекшелігін ескере отырып "Ашық" жүйесіндегі мәртебенің өзгеру және карантин мерзімі қайтар қаралды. Науқастармен жақын байланыста болған және ауру белгілері сырт көзге білінбейтін азаматтар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды. 7 тәуліктен кейін ПТР-тест теріс нәтижесі болған кезде карантин аяқталады", – деп түсіндірді Ажар Ғиният.
Оқи отырыңыз: Алматыда пандемия салдарынан тәуелсіз театрлардың 65 пайызы жабылды
Мұнымен қатар, министр қандай да бір себептермен 7 тәулікке арналған ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин тестіні қосымша тапсырусыз 10-күні аяқталады.
"Бұл өлшем шарттар бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің шектеу шаралары жөніндегі және жұмыс ережелері мен "Ашықтағы" мәртебенің өзгеруін айқындайтын қаулыларында көрініс тапты", – деді Ажар Ғиният.
Еске салсақ, Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы орташа еңбекақыдан 7,6 пайыз төмен екені туралы хабарлаған едік. Бір жылда медицина қызметкерлерінің саны 15,8 мың теңгеге артқан.