Бүлікшілер түнде мәйітханаға шабуыл жасап, жақтастарының мүрдесін алып кеткен
Президент мұның халықаралық террористердің тәжірибесінде бар нәрсе екенін айтты.Қазақстанға халықаралық террористер шабуыл жасады, деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Қазақстанға қарсы агрессияға шетелдік бүлікшілер мен террористердің тікелей қатысы бар екенін толық сеніммен айтамын. Бұзақылардың түнде мәйітханаға шабуыл жасап, жақтастарының мәйітін алып кеткені бекер емес. Сондай-ақ, олар бүлікшілердің денесін ұрыс алаңынан алып кетіп жатты. Бұл белгілі халықаралық террористердің тәжірибесінде бар нәрсе. Олар өз ісін осылай жасайды", – деді мемлекет басшысы.
Еске салсақ, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ауғанстан айналасында қауіпсіздік белдеуін құру қажет екенін айтқан еді.