Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов бала құқықтарына қатысты бірнеше заң жобасы дайындалып жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, аталған Заң жобасы педофилдерді өмір бойы бас бостандығынаy айыру, оларды тиісті стерилизациядан өткізу, буллингке қатысты мемлекет тарапынан тиісті талапты қатайту сынды бірнеше нормаларды қамтиды.


Оқи отырыңыз: Балалар БҰҰ бала құқықтары жөніндегі комитетіне тікелей шағымдана алады


Сондай-ақ, Аймағамбетов, букмекерлік кеңселер мен лотоматтарға заң жүзінде тыйым салыну қажеттігін айтты.

"Кейбір дүкен, тіпті, ауруханалардың өзінде лотоматтар тұр. Бұл масқара ғой. Ол лотомат деп аталғанымен, балаларды құмар ойынға кішкентайынан тартатын құрал деп есептейміз. Сондықтан олардың барлығын шешу бойынша тиісті заң жобаларын дайындап жатырмыз" – деді ол.

 Заң жобасы осы аптада Үкіметтің қарауына жіберіледі.


Оқи отырыңыз: Динара Зәкиева бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды