1 қыркүйек күні Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тасжолында жол апаты салдарынан көлікпен бірге оның жүргізушісі өртеніп кетті.

"Мой город" басылымының мәліметінше, жолдың 23-ші шақырымында Volkswagen Passat пен Subaru соғысқан. Volkswagen жүргізушісі басып озып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Subaru-мен соғысқан.

Апаттан кейін Passat жүргізушісімен бірге өртеніп кетті. Апат орнында Subaru жолаушысы да қаза болды.

"Subaru жүргізушісі мен үш жолаушысы әр түрлі жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.