Алматы полициясы адам ұрлығының бетін ашты, деп хабарлады Polisia.kz. Алматының 40 жастағы тұрғынын қылмыскерлер ұрлап әкетіп, босату үшін 200 мың доллар талап еткен. Ақша тауып бермеген жағдайда, ағзасына героин сұйықтығын енгіземіз деп қорқытқан.

Азаматтың әйелінен арыз түскен бойда Алматы полициясының жедел-тергеу тобы қаланың Түрксіб ауданындағы қоймалар аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізді.

"Нәтижесінде төрт адам ұсталды. Олар бұрын бопсалау және бұзақылық үшін сотталған. Ұрланған азамат аман-есен босатылды. Оны қатты соққыға жыққан және оған медициналық көмек қажет болды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен, әйтпесе героины бар иньекция енгіземіз деп қорқытқан", – дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.


Оқи отырыңыз: ІІМ: Тіпті 1 грамм есірткі сақтағандар да өмір бойына бостандығынан айырылуы мүмкін


Қылмыстың нақты себебі ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігімен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу барысында істің мән-жайы белгілі болады. Күдіктілер қамауға алынды.