Болат Өтемұратов су тасқынынан зардап шеккендерге 10 млрд теңге жіберді
Қаражат өмірлік маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, баспанасыз қалған адамдар үшін үй сатып алуға және салуға жұмсалады.Болат Өтемұратов атындағы қор көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарына кезекті 10 млрд теңге көлемінде қаражат бөлетінін хабарлады.
Қаражат өмірлік маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, баспанасыз қалған адамдар үшін үй сатып алуға және салуға жұмсалады.
"Мен су тасқыны аймағында орналасқан аймақтардағы төтенше жағдайды қадағалап отырмын. Халыққа шұғыл көмек қажет және біз оны бар күшімізбен және қолда бар ресурстармен қамтамасыз етуді жалғастырамыз. Қиындыққа тап болған мыңдаған отандастарымыздың қауіпсіздігі мен ертеңіне деген сенімінің кепілі болып саналатын президентіміз алдыңғы қатарда және оның шешімдерін біз әрқашан қолдайтын боламыз", – деді Болат Өтемұратов.
Еске салайық, 1 сәуірде қазақстандық кәсіпкердің қоры су тасқынының салдарымен күресу және табиғи апаттан зардап шеккендердің бірінші кезектегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін 680 миллион теңге бөлген болатын.
Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов: Мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды