"Болашақ" бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды
2021 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға 1 055 стипендия бөлінді.Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен "Болашақ" халықаралық стипендиясы магистратура, докторантура, резиндентура бойынша оқитын, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберілетін 196 үміткерге тағайындалды.
2021 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға 1 055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламалары бойынша бөлінген. Қосымша 500 стипендия тағылымдаманың "ғалымдар" жаңа санаты бойынша берілді. Бұл санат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету мақсатында бекітілген. "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау осы жылғы 4 мамырдан 28 қазанға дейін жалғасады.
Loading...
Стипендиаттар әлемнің 16 елінің жетекші білім ошақтарында, соның ішінде АҚШ (Гарвард университеті, Колумбия университеті, Массачусетс технологиялық институты), Канада (Торонто университеті), Ұлыбритания (Лондон экономика және саясаттану мектебі, Лондон Империялық колледжі, Лондонның Корольдік колледжі), Жапонияда (Токио университеті) білім алады. Сондай-ақ стипендиаттар қазіргі уақытқа аса қажетті қашықтан оқыту методикасы, жоғары білім берудегі стратегиялық менеджмент және көшбасшылық, университетті басқару, инклюзивті білім беру; медициналық генетика, вирусология, инфекциялық аурулар, эпидемиология, биотехнология, биомедицина; инновациялық менеджмент, цифрлық экономика, жасанды интеллект, мұнай-газ инжиниринг, авиация және аэроғарыш техникасы, атом өндірісі, IT, көлік технологиясы, машинақұрастыру және басқа да мамандықтар бойынша білім алады.