Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың қыркүйек айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.

Банктердің нарықтық мөлшерлемелерінің орташа деңгейінің төмендеуіне байланысты мерзімсіз салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер алдыңғы деңгейде сақталынып қалды.

Базалық мөлшерлеменің өсуінен кейін 3 және 6 айға арналған мерзімді және жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлемелер 0,3 п.т. көтерілді. Сонымен қатар, қысқа мерзімді депозиттер бойынша (3, 6 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар) мөлшерлемелердің жоғарылауы тұрақты қаржыландырудың өсуіне түрткі болады.

Нарыққа тәуелді ұзақ мерзімді депозиттер бойынша (12, 24 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар) мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды.


Депозиттің санаты

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

Тамыз 2021

Қыркүйек 2021

Тамыз 2021

Қыркүйек 2021

Мерзімсіз депозиттер

9,0

9,0

9,0

9,0

Мерзімді депозиттер

3 ай

9,0

9,3▲

9,5

9,8▲

6 ай

9,0

9,3▲

9,5

9,8▲

12 ай

10,3

10,3

10,7

10,7

24 ай

9,1

9,1

9,4

9,4

Жинақ депозиттер

3 ай

10,0

10,3▲

10,5

10,8▲

6 ай

10,0

10,3▲

10,5

10,8▲

12 ай

12,2

12,2 

13,9

13,9 

24 ай

10,7

10,7

12,2

12,2