Биыл жаз қатты ыстық болып, ауа температурасы 40 градустан асады – ТЖМ
Өткен жылы тек 5 шілде мен 28 шілде аралығында ауа температурасы 44 градусқа дейін жеткен. Бірақ биылғы жаз бұдан да ыстық болады.Алдағы жыл мен жаз айлары 2023 жылға қарағанда ыстық болады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов хабарлады.
"Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның мәліметі бойынша, 2024 жыл былтырғыдан да ыстық болады. Қазгидрометтің мәліметінше, жазда орташа температура 19-23 градус болса, алдағы жазда 40 градус және одан да жоғары болады. Өткен жылы ғана 5 шілдеден 28 шілдеге дейінгі аралықта ауа температурасы кей күндері 44 градусқа дейін көтеріліп, негізінен Семей және Ертіс орманы аумағында 300-ден астам өрттің шығуына ықпал етті", – деп хабарлады Мәжілісте Бауыржан Сыздықов.
Оның айтуынша, мина жолақтарын жаңартуды және орман алқаптарын белсенді патрульдеу жұмыстарын алдын ала қарастыру қажет. Температураның мұндай көтерілуіне байланысты табиғи өрттердің пайда болу және таралу қаупі бар.
Оқи отырыңыз: 41 градус ыстық: 4 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?