Биыл Қазақстанның әр 5 азаматының екеуі қаржылық қиындығын несие алу арқылы шешкен
Респонденттердің 27,4%-ы керек кезде ескі жиһазды жаңасына алмастыра алмағанын айтты.Зерттеу нәтижесіне сәйкес, форс-мажор болған жағдайда әрбір 5 қазақстандықтың 2-еуі қаржылай қиындығын несиесіз шеше алмайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Ranking.kz.
Жыл сайын жүргізілетін өмір сапасына қатысты зерттеудің нәтижесіне сәйкес, 2021 жылы соңғы 12 айда респонденттердің қаржы туралы пікірі жаман жаққа өзгерген. Бұл 2020 жылы коронавирустық инфекцияның таралуымен байланысты. Бірақ өткен жылғы "коронадағдарысқа" дейінгі қаржылай жағдай 2019 жылға қарағанда әлдеқайда жақсы болған.
2021 жылдың наурыз айында соңғы 12 айда жалға алған үйі мен ипотекасының ақшасын төлей алмаған қазақстандықтардың саны 2,7%-дан 3,3%-ға дейін өсті. Ал бұл төлемдерді бірнеше мәрте төлей алмағандар саны 1,4%-дан 2,3%-ға дейін жетті.
Мұндай қиындыққа тап болмағандар саны 54%-дан 56,6%-ға дейін өсті. Ал бұл мәселе өзекті болмағандар саны 41,9%-дан 37,8%-ге дейін ұлғайды.
Коммуналдық төлемдерді төлей алмаған немесе төлеуге ақшасы жетпеген респонденттердің саны 9,6%-дан 12,7%-ға дейін ұлғайды. Ал осындай жағдай басынан өткен адамдар саны керісінше 3,8%-дан 3,4%-ға дейін қысқарды.
Мұндай қаржылай қиындыққа тап болмағандар үлесі 76,6%-дан 77,8%-ға дейін өсті. Ал бұл мәселе өзекті болмағандар саны керісінше 10%-дан 6,1%-ға дейін қысқарды.
Сондай-ақ, несиесін төлей алмаған немесе төлеуге ақшасы жетпегендер саны 5,7%-дан 6,9%-ға дейін өсті. Мұндай қиындық айналып өткендер саны 61,9%-дан 62,8%-ға дейін көбейді. Ал бұл мәселе өзекті болмағандар саны 29,8%-дан 26,9%-ға дейін өсті.
Бұдан өзге сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 27,4%-ы керек кезде ескі жиһазды жаңасына алмастыра алмаған.