Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа тәртібі бекітілді, деп мәлімдеді Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова.

Вице-министрдің айтуынша, мұғалімдер жұмысқа тұру үшін конкурстан өтеді. Негізгі талаптарға білім, еңбек өтілі, ұлттық біліктілік тестілеу нәтижелері және біліктілік санаты, кәсіби жетістіктері жатады.

"Мектеп директорларын ротациялау жалғасуда. 2022 жылы 1200-ден астам директор ротациялауға сәйкес келеді. Бүгінде 414 директор ротациядан өтті", – деп мәлімдеді Шолпан Каринова.


Оқи отырыңыз: "Жұмысқа самокатпен келемін". Мектеп директорының қызметі қалай өзгеріп жатыр?


Сонымен қатар, вице-министр педагогтерді ревакцинациядан өткізу бойынша жұмыс жалғасып жатқанын айтты. Қазір уақытта ревакцинациядан өтуі керек мұғалімдердің 85 пайызы қайта вакцина алған.