Бішкекте киіз үй бейнесіндегі 45 мың орындық стадион бой көтереді. Фото
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды.Қырғызстан астанасы – Бішкекте 45 мың адамның келуіне ыңғайланған жаңа стадион салынғалы жатыр. Оның ерекшелігі – стадионның дизайны киіз үй бейнесінде жасалған. Бұл туралы Қырғызстан Президенті іс басқарушысы Қаныбек Тұманбаев хабарлады.
"Бішкекте 45 мың орындық стадионның жобалау жұмыстары белгілі шетелдік компаниялармен бірлесіп жүргізілді. Архитектуралық дизайн ұлттық құндылықтарымызға лайықталып, боз үйдегідей әсер қалдырады. Заманауи талаптарға сай стадионда дүкендер, демалыс орындары, көлік қоятын орындар сияқты барлық жағдай қарастырылды", – деп жазды Қаныбек Тұманбаев.
Оның сөзінше, жоба УКМК төрағасы, Футбол федерациясының президенті Қамшыбек Қыдыршаұлының бақылауына алынды.
Оқи отырыңыз: Қазақстан Қырғызстанға дизельдік отын түріндегі гуманитарлық көмекті көбірек жіберді
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды.