Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болған түні оны қалай және не үшін тепкілей бастағанын айтып берді.

Бұған дейін Бишімбаев Нүкенованың еденге бірнеше рет құлап, басын дәретханаға соққанын айтқан. Осыдан кейін Бишімбаев Нүкеновамен бірге үйіне қайтқысы келген, бірақ сыртқы келбетіне байланысты (екеуі де жартылай шешінген – авт. түсіндірмесі) такси шақырғысы келмеген. Мас болғандықтан, көлік тізгіндей алмаған. 

"Менде осы кезде басталды, мен агрессивті бола бастадым. Ол мені жеделсаты алдында күтіп, екеуіміз мейрамханаға көтерілдік. Мен оған қарап кетпегенімізге ашуландым. Оған: "Салта, бізге қарашы, біз кезбелер сияқтымыз, кете де алмаймыз" дедім. Осы сәтте басталды бәрі", – деді Қуандық Бишімбаев.  

Айтуынша, ауыр жанжалдың басталуына Нүкенова кінәлі. Жеделсатыдан шыққан соң, Бишімбаев пен Нүкенова екеуі екі жаққа кеткен. Сотталушы осы кезде марқұмның өзіне боғауыз сөз айтқанын жеткізді. 


Оқи отырыңыз: "Дәретханада құлады". Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған түні қалай жарақат алғанын айтты


"Ашуға булықтым... теріс бұрылдым, оның мына бір сөздері: "Иә, мен осылай қаладым" деген... Жанына келіп шашынан ұстап, төрт рет қатты ұрдым: сол қолмен екі рет, оң қолмен екі рет. Бір сәтте ол құлады. Мен ашулы болдым. Оның мұны әдейі жасағанын немесе расымен өзін нашар сезінгенін түсінбедім. Осы кезде саны мен жамбасынан үш-төрт рет тептім. Өмірлік маңызды ағзасына тиіспеуім керегін нақты түсіндім. Оны ашумен теуіп, "Тұр, тұр, не керек?" дедім", – деп қосты Бишімбаев.