Ұлттық банк 16 қарашаға Қазақстандағы шетел валюталарының ресми бағамын белгіледі.

Доллар бағамы 2,12 теңгеге төмендеп, 461,53 теңгені құрады. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында долларды 463,5 теңгеден сатып алып, 465,5-466 теңгеден сатуда.

Рубльдің ресми бағамы 0,1 теңгеге өсіп, 5,17 теңгені құрады. Ақша айырбастау орындарында рубль 5,03 теңгеден сатып алынып, 5,1-5,2 теңгеден сатылуда.


Оқи отырыңыз: Ең оптимист аймақ – Атырау облысы. Қазақстан халқының экономика дамуына көзқарасы қандай?