Білім вице-министрі: Жыл соңына дейін 18 мектеп құрылысының аяқталмау қаупі бар
Мектеп салу үшін бөлінген 96,6 млрд теңгенің тең жартысына жуығы игерілмесе, Атырау облысында қаржы мүлдем жұмсалмаған.Биыл мектеп құрылысына бюджеттен бөлінген қаражаттың 58 пайызы ғана игерілген. Сондай-ақ, жыл соңына дейін құрылысы жүріп жатқан 18 объектінің уақытылы қолданысқа берілмеу қаупі бар. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова хабарлады.
"Бюджет қаражатына мектеп салу мәселесіне тоқталсақ! Өкінішке орай, картина көңіл толтырарлық емес және біраз алаңдатып отыр! Мектеп салу әдістемесі, механизмі, қаржылай қолдау бар, бірақ 1 қазандағы жағдай бойынша, тек 56,3 млрд теңге игерілген. Бұл осы мақсатта бөлінген бюджеттің 58%-ы, бастапқыда 96,6 млрд теңге жоспарланған болатын", – деп жазды Бибігүл Асылова.
Мектеп салу үшін бөлінген бюджет Солтүстік Қазақстанда 86%, Жамбыл облысында 78% және Алматыда 75% игерілген. Алайда кей өңірде бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден төмен. Мысалы, Ақтөбе облысында – 31%, Маңғыстау облысында – 39%, Атырау облысында қаржы мүлдем игерілмеген.
"1 қазанда мемлекеттік бюджет есебінен 52 мектеп пен 2 оқу орны пайдалануға берілді. Осының арқасында 3 апатты мектеп мәселесі шешілді, 12 мектептегі үш айлық оқу жойылды, сондай-ақ, 25 мектепте оқушы орны тапшылығы мәселесі шешілді. Мұнымен қатар, 18 объектінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталып бітпеуі мүмкін: Ақмола облысы – 3, Алматы облысы – 5, Қызылорда – 1 және Түркістан облысы – 1", – деді Бибігүл Асылова.