2021 жылдың ІІІ тоқсанының нәтижесінде білім беру саласындағы қызметтер құны 278,9 млрд теңгеге жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,3% көп.

Қызмет көрсету саны жағынан алда келе жатқан өңірлер:

  • Алматы – 101,8 млрд теңгеге, 36,5%;
  • Нұр-Сұлтан – 63,2 млрд теңге;
  • Шымкент – 19,8 млрд теңге.

Оқи отырыңыз: 2022 жылы білім гранты ірі кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға да беріледі


Бұл сектор бойынша бәрінен аз Маңғыстау облысында небары 1,3 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.

  • ірі компаниялар – 245,9 млрд теңге, бір жылда 10,2% өскен;
  • шағын бизнес – 16,4 млрд теңге, бір жылда 8,7% азайған;
  • орта бизнес – 16,6 млрд теңге, 17,3% көбейген.

Негізінен қызметті жекеменшік кәсіпкерліктер көрсеткен – 177 млрд теңгеге, бір жылда көрсеткіш 53,7% өсті. Ал мемлекеттік кәсіпкерліктердің қызметі керісінше бір жылда 27,6%, 100,1 млрд теңгеге дейін қысқарды. Шетелдік компаниялардың қызметі де 6,2%, 1,8 млрд теңгеге дейін қысқарды.

Еске салсақ, 2022 жылы білім грантының ірі кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға да берілетіні туралы хабарлаған едік. Білім және ғылым министрі студенттердің алдын ала жұмыспен қамтылатынын айтты.