Бидайық құсы Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағына 30 жылдан соң қайта оралды, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті. 

Аспанда қалықтап жүрген бидайық құсы \ Фото: Орман шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі

Ғалымдар Қызыл кітапқа енген құсты Алматы қорығының аумағынан алғаш 1987 жылы кездестірген. Артынша қорықтан оның ұясы табылған болатын. Бұл – әлем бойынша табылған бидайықтың үшінші ұясы.

Орманшылар түсіріп алған бидайықтар \ Фото: Орман шаруашылығы комитеті

"Орнитологтар 1993 жылға дейін бидайықты зерттеді. Өкінішке орай, 1994 жылдан бастап бидайық қорық аумағында кездеспеді. Араға 29 жыл салып бидайықтың Есік шатқалын мекендейтіні анықталып, ғалымдар зерттеуді жалғастырды", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: "Алтын-Емелде" Қызыл кітапқа енген жыланжегіш қыранның балапаны фототұзаққа түсті          


Жуырда қорық инспекторлары Есік шатқалында бидайықтың тағы бір жұбын суретке түсіріп алды.