Берік Әбдіғалиұлы: Мәжілістің құзырын де-факто күшейту қажет
Мәжіліс депутаты, сондай-ақ, Үкімет пен ұлттық компанияларға да бақылауды арттыру керектігін айтты.Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы соңғы күндері депутаттарға айтылып жатқан сындарға тоқталды. Оның пікірінше, Мәжіліске бастысы табандылық жеткіліксіз.
"Бізде Мәжілістегі әріптестерім қаншама маңызды және өзекті мәселелер көтерді. Сол бағасы өсіп бара жатқан азық-түлік, газ, жанармай туралы Үкіметке бірнеше рет талап қойды, жеке адамдардың банкроттық заң жобасында ұсыныды. Ал соны тыңдап жатқан Үкімет болмады, қойған сауалын қорғаған депутаттар да аз", – деді Берік Әбдіғалиұлы.
Оның сөзінше, кейбір депутаттық сауалдарымыз шешілмейтін бос ұрандарға айналып кетткен. Соған байланысты ол жаңадан құрылатын Үкімет депутаттардың көтерген нақты мәселелері мен қойған сұрағына бір парақ қағазбен құтылмай, Парламентке келіп жауап беріп, шешу жолдарын айту қажеттігіне тоқталды:
"Мәжілістің құзырын де-факто күшейтіп, Үкімет жұмысына, ұлттық компанияларға да бақылауын күшейту қажет! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Саяси реформалар аясында Конституцияға да өзгерістер қарастыру керек. Мәжіліс депутаттарының бір бөлігі жеке округтерден де сайлану жолын қарастыру қажет. Қоғамдағы барлық белсенді және беделді саяси күштер мен тұлғалар Парламентке келу керек. Бұл алаңға шыққан отандастарымыздың бір талабы! Себебі, елдің талабы алаңдарда емес, Парламентте көтерілуі қажет".