Bereke Bank комиссиясыз несиелер береді
Bereke Bank (бұрынғы Сбербанк) жарты жылға "Шағын бизнеске комиссиясыз берілетін несиелер" акциясын іске қосып, қарыздар бойынша комиссияларды нөлге теңестірді.
ШМБ үшін несие рәсімдеген кезде, сондай-ақ алдағы уақытта оған қызмет көрсеткені үшін комиссия алынбайды.
Bereke Bank заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін әртүрлі қажеттіліктерге және мақсатқа бағытталған бірқатар несиелеу бағдарламаларын ұсынады. Кәсіпкерлер тұрғылықты жері мен қызмет саласына қарамастан, өзіне қолайлы бағдарламаны таңдай алады, ол бойынша банктің жиынтық комиссиясы 0 теңгені құрайды.
"Bereke Bank қазақстандық бизнестің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді, біз мемлекеттік жеңілдетілген бағдарламалардың, сондай-ақ өзіміздің бірқатар жеке бағдарламаларымыздың аясында да қаржыландырамыз. Әлемде орын алып жатқан жағдайлардың әсері бизнеске де тигені анық, бұрыннан кәсібі бар кәсіпкерлерге, сондай-ақ жаңа кәсіпті бастауды көздеп жүргендерге қосымша қолдау көрсету – біз үшін маңызды. Шағын бизнесі бар клиенттер жақын арадағы жарты жылда несие рәсімдегені және оған қызмет көрсеткені үшін алынатын Банк комиссияларынан босатылады", – деді Bereke Bank АҚ басқарма төрағасы Андрей Тимченко.
Бүгінде Bereke Bank-те шағын бизнес өкілдеріне арналған бірқатар жеке қаржыландыру бағдарламалары бар, оларға айналымдағы қаржыны толтыруға берілетін қарыздар, бизнес-ипотека, көлік және арнайы техника сатып алуға берілетін несие, овердрафт Start up және тағы басқа кіреді. Әр бағдарлама бойынша шарттар мен мөлшерлемелер жайлы нақтырақ білу үшін Bereke Bank-ке жүгіну қажет.
Несие рәсімдеуге өтінімді Bereke Bank-тің барлық филиалдарында беруге болады. Қосымша ақпарат алу үшін заңды тұлғаларға арналған байланыс орталығына 7744 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22ж. берген № 1.2.199/93/31 лицензия