Бектенов: Су тасқынынан зардап шеккендерге 100 АЕК өтемақысынан бөлек тағы 150 АЕК төленеді
Бұл ақшаға адамдар жоғалған қажетті заттарды: тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сатып ала алады.Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша өтемақы төленетінін мәлімдеді.
Ол бастапқыда уәде етілген 100 АЕК өтемақыға қосымша 150 АЕК төленетінін мәлімдеді. Бұл шамамен 553 000 теңге. Оған адамдар жоғалған қажетті заттарды: тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сатып ала алады.
Қазірдің өзінде 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК көлемінде төлем алып үлгерді. Үкімет кәсіпкерлердің шығынын да өтейтін болады.
"Мен азаматтарды сабырға шақырамын. Ешкім көмексіз қалмайды. Бұл мәселелердің барлығы президенттің жеке бақылауында, сондықтан біз бұл қиындықты абыроймен жеңеміз деп ойлаймын",– деді Олжас Бектенов.
Оқи отырыңыз: Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар көмек алуға өтінішті смартфон арқылы бере алады
Дегенмен, кейбір аймақтарда су басу қаупі әлі де сақталуда. Өзендердегі су деңгейінің біршама көтерілу фактілері тіркелді. Осыған байланысты премьер-министр келесіні тапсырды.
- Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, су тасқыны жағдайына бақылауды күшейтіп, қажет болған жағдайда жедел ден қою және тұрғындарды эвакуациялауды қамтамасыз ету керек. Қажет болса, мәжбүрлі түрде эвакуациялау керек.
- Қоршаған ортаны қорғау министрлігі су қоймалары мен өзендерде бақылау-өлшеу станцияларының санын көбейтуі керек.
- Облыс әкімдіктері су басқан тұрғын үйлерді, ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді тезірек аяқтауы керек. Су кеткен жерлерді су тасқынының зардаптарынан тазарту, залалсыздандыру және қалпына келтіру жұмыстарын дереу бастау қажет.
- Индустрия министрлігіне тұрғын үй, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша барлық жұмыстарды жергілікті жерлерде үйлестіру үшін жедел топ құру қажет.
- Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуі керек.