Бек Кенжебайды "31 арна" ұжымы мен Informburo.kz сайтына "31" медиахолдингінің бас директоры ретінде таныстырды.

Бек Кенжебайдың телевидение саласында тәжірибесі мол. Бұған дейін түрлі қазақстандық телеарналарда жауапты қызметтер атқарған ол "31 арна" мен Informburo.kz кіретін "31" медиахолдингінің ұстанымын одан әрі нығайтады деп күтілуде.

2013-2015 жылдар аралығында Бек Кенжебай веб-ресурстар мен медиа-талдау қызметінің жетекшісі, сонымен қатар AstanaTV арнасының бағдарламалар директоры болды. Одан кейін 2016 жылға дейін "31 арнаның" бағдарламалар директоры, 2017 жылдан бастап Qazaqstan телеарнасының Хабар тарату саясаты дирекциясының директоры қызметін атқарды. Одан кейін 2019-2021 жылдар аралығында AstanaTV арнасы бас директорының телевизиялық өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.


Оқи отырыңыз: Берік Уәли "Хабар агенттігі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды