Осы жобалардың ең көп үлесі өңдеу өнеркәсібі саласына тиесілі, деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

"Өңдеу өндірісінің көлемін 2025 жылға қарай 1,5 есеге арттыру міндеті тұр. Нақты көлем индексі жыл сайын орташа есеппен 4,2% өсіп, заттай көріністе 13 трлн 100 млрд теңгеден 19 трлн 700 млрд теңгеге дейін артады. 2021 жылы өңірлер жалпы сомасы 1 трлн 230 млрд теңге болатын 128 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. 12 мың жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Оңтүстікте – 17, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында 14 жобадан. 128 жобадан 107-сі – өңдеу өнеркәсібіне, 17 – энергетика саласына және алтауы басқа салаларға тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 923,2 млн теңгеге жобаны іске қосу жоспарланған. Жобалардың ең көп саны тамақ өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс, индустрия салаларында", – деді Бейбіт Атамқұлов. 

Мұнымен қатар, министр 670 млрд теңгеден астам инвестицияның негізгі үлесі металлургия жобаларына тиесілі екеніне тоқталды. Айтуынша, елдегі құрылыс индустриясының өсуі салаға бағаттылған инвестициялардың артуына ықпал етті. Сондай-ақ, бұл үрдіс құрылыс материалдары бағасының тұрақтануына оң әсер етеді. 

"Арнайы экономикалық аймақтарда биыл 27 млрд 700 млн теңгеге 15 жоба іске асырылып, 842 жұмыс орны ашылады. Бұл аймақтарды жобалармен толтырады. Инвестиция тарту жағынан екі өңір көш басында тұр. Ол Шығыс Қазақстан облысында инвестиция көлемі 469 млрд 700 млн теңге болатын он төрт жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Қарағанды облысында 230,2 млн теңгеге 14 жоба іске асырылмақ. Қыркүйек айындағы жағдай бойынша, жалпы сомасы 296 млрд теңге болатын 28 жоба пайдалануға берілді, 3,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады", – деп қосты Бейбіт Атамқұлов.