Баянауылдағы 17 елді мекенді су басуы мүмкін
Мамандар көктемде су басу қаупін азайту үшін 5 млрд. теңгенің жобасын ұсынып отыр.Қаражат топырақ үйінділерін бекіту мен шлюздерді орнатуға жұмсалмақ. Бұл туралы Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Павлодар облысында көктемгі су тасқыны кезеңінде қауіпті аймақтың бірі – Баянауыл аймағы.
"Негізгі қауіп Ащысу, Айдос, Бала Шідерті, Қарасу өзендерінен төніп тұр. Елді мекендерді су бау қаупін азайту үшін былтыр аудандағы Жаңатілек, Сәтбаев, Ұзынбұлақ, Жаңажол ауылдық округтерінде жалпы көлемі 6,7 мың гектар көлтабандарды қалпына келтіру жұмыстары басталды", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: 3D атласы: Баянауыл ұлттық паркінде қорғауға алынған табиғи нысандардың виртуалды нұсқасы жасалды
Бұл жобаны жүзеге асыру шамамен 5 млрд теңге қаражат қажет.
"Ол өзендер айналасына топырақ үйіндісін салу және шлюздер орнатуға бағытталады. Бұған қоса су жиналатын көлтабандар жазда шалғынға айналып, өңірдегі мал шаруашылығының дамуына оң әсер етеді", – деп жазылған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарласында.